Өмірбаян. Оразбакова Гаухар Отанбайқызы, 1964 жылы 17 тамызда туған. 1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітіріп, дәрігер мамандығын алды және облыстық ауруханада интернатурадан өтті. 1989 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласы №1 қалалық ауруханасының оңалту бөлімшесінде, одан кейін гастроэнтерологиялық бөлімшесінде дәрігер- резидент болып жұмыс істеді. 1992 жылдан бастап Аймақтық Тамақтану Мәселелері Ғылыми-Зерттеу Институтының Ішкі аурулар бөлімінде клиникалық резидентурада оқыды. 2001 жылы "Менеджмент" және "Маркетинг" пәндері бойынша КИМЭП магистратурасында оқыды. Педагогикалық қызметін 2002 жылы бастап, 2006 жылға дейін Қазақстан медициналық институтының қалыпты физиология кафедрасының ассистенті болды. 2006 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға жұмысқа ауысып "Мейірбике ісі" кафедрасының ассистенті, ал 2011 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 2010 жылы 14.00.07 – "Гигиена" мамандығы бойынша "Алматы қаласының колледждерінде оқитын жасөспірімдердің ағзасының функционалдық жағдайына және денсаулығына оқу процесінің әсерін кешенді гигиеналық бағалау" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Іргелі медицина" кафедрасында доцент м.а. болып жұмыс істейді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Алматы мемл.медицина инст.
Жоғары
1988

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.09.2010
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0